19.09.2022
  130


Автор: Ғұсман Жандыбаев

КЕРЕҒАР

Ұлым айтты: “Пiл неге
Қорқады, – деп, – тышқаннан?”
Қызым айтты: “Дүниеде
Күштi жоқ, – деп, – мыстаннан...”
Жақсылық пен жамандық –
Əлмисақтан қас дұшпан.
Адалдық пен арамдық –
Əккi жаулар аңдысқан.
Келе жатқан заманнан
Кереғарлық бұл қандай:
Жақсы безер жаманнан –
Иттен үрiккен тұлпардай.
Келе жатқан заманнан
Өрескелдiк бұл неткен:
Жақсы қашар жаманнан –
Қашқан жандай iндеттен.





Пікір жазу