19.09.2022
  147


Автор: Ғұсман Жандыбаев

АДАМ КҮНI АДАММЕН

Өшпейдi көпке ортақ шаң,
Даңғыл жол оған – тар асу.
Жалғыз жүрiп жол тапсаң,
Соның өзi – адасу.
Сыймайсың көпке, тегiнде,
Көңiлiңде болса құйттай мiн.
Кез келген үйдiң төрiнде
Көсiлiп жатып ұйықтаймын.
Жалғыздың шықпас жалқы үнi,
Адамның күнi адаммен.
Жақсылық жасау арқылы
Жақсылық көре алам мен.





Пікір жазу