19.09.2022
222
ҚАРЫЗ
Өмiр заңын мойындасаң мойында,
Артық олжа кете алмайсың өңгерiп.
Қарызым да, парызым да – ойымда,
Бiрiн-бiрi тұрады ылғи теңгерiп.
Несiбемдi қағып кетсе кей жылпос,
Секем алып, өз-өзiмнен қиналам.
Мен күтпеген басқа жақтан сол бiр кез
Ойда жоқта жолығады сый маған.
Өмiр тiлi – iзгiлiк пен ар тiлi,
Тiлiм барда – мен бақытқа кенелем.
Үлкендерге сый көрсету арқылы
Кiшiлердiң құрметiне бөленем.
Iзгi бiр iс жасай алсам əр күнi,
Көңiлiмнiң Күнi шығып, жай табам.
Бiреулерден алғыс алу арқылы
Мойнымдағы қарызымды қайтарам