19.09.2022
134
СЕНIМ
Өмiрге қараймын күлiп мен,
Көңiлдiң шуағын iрiкпен.
Күн маған үйреткен күлудi,
Жан отын лаулата бiлудi.
Қашанда жарқын жүз,
Жайдары қылықпен,
Жарыққа жалғасып,
Жақсымен бiрiккем.
Кезiм бар жалаға iлiккен,
Сезiм бар жаманнан үрiккен.
Шапағат, шаттығы мол өмiр –
Арзан бiр күлкi екен деме бұл.
Осыны бiлiп мен,
Секемшiл құлықпен,
Тегiнде, көбiне
Қараймын күдiкпен.
Мен бiрақ үмiтке iлесем,
Тымырсық ойлармен күресем.
Түн күлiн таң нұры жуады,
Күдiктi күлкiлер қуады.
Ызғарлы үреймен –
Күн болып тiресем.
Күдiктi сенiмнiң
Күшiмен түгесем!