19.09.2022
134
АР
Əдiлдiк озса белсене,
Қақпадым бетiн қайтарып.
Өтiрiк айтқым келсе де,
Көргем жоқ əлi айта алып.
Арамдық кейде арды аңдып,
Сүрiнер сəтiн барлайды.
Iшiмде бұққан жалғандық
Тiсiмнен шыға алмайды.
Шындықпен шыныққандарды
Қапысыз, достар, таныңдар.
Басқаны шын ұққандарды
Басқа шын ұқпай қалу бар.
Түйсе де қабақ ренiштен,
Жұмбайды көзiн Ар қалғып.
Оралса шындық жеңiспен,
Аңдиды жолын жалғандық.
Ақиқат шықса майданға,
Мен де бiр – соның сарбазы.
Табады iздеп қайдан да,
Ақ-адал iске – Ар қазы.