19.09.2022
188
![](/uploads/shorttexts/author_image/g-sman.jpg)
ДАЛА КҮЗI
Көктемгi соқа салған iз көнерiп,
Алтын дəн дариясына түз бөленiп,
Алмақ боп сол дарияға шөл қандырып,
Күлiп тұр Күн астынан күз де келiп.
Қолында күз-ананың ырыс-табақ,
Жүзiнен мейiрiмдi жылу тарап,
Базарлық үлестiрiп жүредi ылғи,
Комбайн бункерiмен уыстап ап.
Тоқ күздiң келбетiне дала құштар,
Даланың тамырында – қан ағыс бар..
Туған жер аспанында мың айналып,
Жүз рет қоштасады бала құстар.
Табиғат сақилығын түзге берiп,
Дəн-толқын соқа салған iзбен өрiп,
Қырманды табақ етiп буға бөккен,
Сыйлап жүр аппақ нанмен күз де келiп.