19.09.2022
  120


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Жасың сонша – қанша болса белесiң...

Жасың сонша – қанша болса белесiң,
Көк-тəңiрiмен қатар жасап келесiң.
Қатпарына қалың сырды жасырып,
Қарауытқан тауларыңдай көнесiң.
Қойнауларың, ойлы аңғарың жасарсын,
Құздарыңнан құтты өзендер бас алсын.
Қатқыл жүздi қайсарым-ау, кейде сен
Мəңгi мұз бен қарларыңдай қасаңсың.
Бiз сезбеген жұпарыңды шашарсың.
Бiз көрмеген гүлдерiңдi ашарсың.
Жас отаудай жасаулым-ау, бейне сен
Жазғы бақша-бауларыңдай жасаңсың.





Пікір жазу