meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.09.2022
  175


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Дала даусы

Құрғанда шымылдығын таң шығысқа,
Əсем бiр сазға басар əншi құс та.
Ертемен айқайлатып қыр гудогын,
Балғаның салмағымен балқыр ұста.
...Далаға ұқсар адам бар iсiмен:
Əндетiп жүре қалсам тау iшiмен –
Тұрғандай боламын мен айқай салып,
Даланың дауыл қанат дауысымен.





Пікір жазу