19.09.2022
174
ДАЛА СЫРЫ
Тау иықты, Күн көздi ен даламын,
Адам, сенiң ұлы анаң мен боламын.
Мен бар жерде – сен барсың, осыны ұқсаң,
Бақыт сыйлап, жолыңды оңғарамын.
Менiң байтақ кеңдiгiм пана болып,
Құрсағымнан тiршiлiк тарады өрiп.
...Аяғымнан басыма, басқа түгiл,
Күн де əрең жетедi ара қонып