19.09.2022
  114


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖАСЫЛ НҰР

Сезiмi мың бояудың қоспасындай,
Төзiмi шойын есiк топсасындай.
Қарымы көкке сiңген қайран жастық,
Арыны ағытылған тоспа судай.
Нəзiксiң – оңтүстiктiң гүлiндейсiң,
Қайсарсың – солтүстiктiң мүгiндейсiң.
Өткiрсiң – өрттiң қызыл тiлiндейсiң,
Ептiсiң – қыл үстiнде бүгiлмейсiң.
Сан қырлы граниттiң жiгiндейсiң,
Əн-жырлы сыбызғының үнiндейсiң.
Шебер қол шертiп өткен домбыраның,
Секiлдi қос iшегi – дiрiлдейсiң.
Жастық шақ, жанарың-ай от лаулаған,
Көзiндей жас қыранның шоққа аунаған.
Ханға да, қараға да екi келмес
Армандай алтын дəурен жеттi-ау маған!
О, жастық, айналайын, алаулы шақ,
Өзiңнен айырылмас ем, тар-ау құшақ.
Жалтылдап тұрарсың сен бар жанарда,
Мереке күнi iлiнген жалауға ұқсап!





Пікір жазу