19.09.2022
  128


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БАР СИЯҚТЫ...

Көмескi көкжиегiм нұр тiлейдi –
Оты өрiлмеген алауым бар сияқты.
Көңiлiмнiң көк аспаны күркiрейдi –
Көтерiлмеген жалауым бар сияқты.
Бiр аптық алқымыма тiреледi –
Басылмай жүрген бiр мұңым бар сияқты.
Жанарым жарық күнде түнередi –
Ашылмай жүрген бiр гүлiм бар сияқты.
Не керек, өзге түгiл, өзiме де
Байқалмай жүрген бiр сырым бар сияқты.
Ең əдiл шындықтың өз көзiне де
Айта алмай жүрген бiр шыным бар сияқты...





Пікір жазу