19.09.2022
147
БАҚЫТПЕН ЖҮЗДЕСУ
Менi күткен бақыт барын сезгеймiн,
Сездiм екен – мен тiптi де төзбеймiн.
Жер айналмай тұрып қалған тəрiздi,
Мың санаймын артта қалған əр iздi.
Бəрiн, бəрiн жинап қойып өзге ойдың,
Жалғыз жарық ноқатты мен көздеймiн:
Өтсе екен деп уақытым,
Жетсе екен деп бақытым!
Бақыт құсым қолыма кеп қонса-ақ мен,
Қорқам тiптi қоштасуға сол шақпен.
Жер жүз есе тез айналып кеткендей,
Əр аптаны бiр-бiр күннен көп көрмей,
Күндiк жолдай артта қалған жұз қадам,
Бүгiнiмдi ертеңiмнен қызғанам:
Өтпесе деп уақытым,
Кетпесе деп бақытым!