19.09.2022
123
ЕКЕУМIЗ
Екеумiз қиын асып, қырға шықтық.
Сонда да ашылмадық сырласып түк.
Бiр жүрдiк, “мiнсiз” жүрдiк, үнсiз күлдiк..
Түбiме жетер ме екен қу жасықтық!
Екеумiз гүлге асықтық, Күнге асықтық,
Сонда да арада тұр бiр қашықтық.
Бар едi жетпей жүрген бiр қайрауым..
Жанымай қоймас менi бұл ғашықтық.