19.09.2022
  258


Автор: Темірше Сарыбаев

АЛПЫСЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАһАРМАНЫМ!

(Мемлекет және қоғам қайраткері Қаһарман Бабағұловқа)
Бір кешкен тәтті өмірдің қатар бағын,
Ақтаған бір бала едің ата арманын.
Аңсары азаматтың – алтын тұғыр –
Алпысың құтты болсын, Қаһарманым!
Кердеңдеп кешкенімен белден алтын,
Алпысқа келген талай, келген әркім...
Әйтсе де туған жердің туын ұстап,
Әйгілеу оңай емес елге даңқың!
Тірлікте таусылған ба арман-мұрат?!
Жаныңа жолатпадың жалғанды, жат.
Рухын бабалардың асқақтаттың,
Кешегі тар кезеңде қалған құлап.
Жымдастың жастай Сырдың жыр-әнімен,
Сүйсініп саған, інім, тұрамын мен.
Әкелдің Алматыға тік көтеріп,
Шулатып Шөмекейді ұранымен.
Нөсерсіз жердің көгі құлпыра ма,
Жұлқынбай той дегенде жыр тұра ма?!
Ортаға олжа салдың топты жарып,
Жетерлік ру емес, ұлтыңа да!
Қол бұлғап қалды артыңда гүл көктемің,
Ғұрпыңды, ата жолын кірлетпедің.
Мақсаттан алға қойған айнымайтын,
Қайтпайтын, қайыспайтын, бірбет те едің.
Қарс түйсең қабағыңды шытынағандай,
Қысқанын білмес жауың бұтын қалай.
Әзілмен тақымға сап бір мытқанда,
Қалады Тынышбектер тыпырламай.
Әлі де арындай бер, ардакүрең,
Жарқылдап жақын-жуық, жан жарыңмен!
Жүзді де жалын сипап, жаратып мін,
Ай маңдай, марал мүсін Ағданыңмен!
Бәйгені бәстескенде сан ұстадың,
Бала ғой бұл фәниде бақ-ұшпағың.
Жолыңды жарқыраған жалғастырсын,
Ізіңнен ерген қарғаң – Арыстаның!





Пікір жазу