19.09.2022
  164


Автор: Темірше Сарыбаев

ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВКЕ

Басыңа орнап алтын бақ,
Деміңмен қазан қайнатып.
Сөзіңнен оттар жарқылдап,
Тұрушы ең залды жайнатып.
Тылсымның ғайып күшіндей,
Тыңдаушың түгел арбалып.
Жырыңды жерге түсірмей,
Қанатыңда, аға, самғадық.
Кім жетер, көкте ұшқасын,
Ағушы ең, аға, бөгелмей.
Жай сөзіңді де тұстасың,
Қабылдаушы еді өлеңдей.
Тарпыған жерді жыр-шырақ,
Жарыссаң жүрдің қара үзіп.
Тозаңның бұлттай бұрқырап,
Жанардан жасты ағызып.
Еліңді кеттің ырза ғып,
Басталды өлең-өмірің.
Жұлдызың көкте тұр жанып,
Өлді деп айтар сені кім?!





Пікір жазу