ТҮС КӨРДІМ БҮГІН...
Түс көрдім бүгін...
Түс емес, сенсең өңімдей,
Жұлдыз-жүрегім шақ қалды жерге төгілмей.
Ақжолақ костюм...
Албыртқан жүзің жарқылдап,
Минатюрадай...
Мінездерің-ай сенің кей...
Жүзіңде тұрды даланың таңы алаулап,
Құлпырып кетті көз жетер бүкіл бар аумақ.
Көзімді жұмдым көргім кеп қайта қана алмай,
Көзімді жұмдым тар төсегімде тағы аунап.
Келесің еркін...
Адымдай түсіп, аптығып...
Кездескен сәттің елестет көзге шаттығын.
Ояндым-дағы орнымнан тұрып жорыдым,
Келетініңе күмәнданбадым тап бүгін.
Ап-анық бәрі...
Алладан келген аяндай,
Қысылдым неге құшағымды еркін жая алмай?
Мен тұрдым мұңын ішіне бүккен Қозыдай,
Сен тұрдың сырын ақтара келген Баяндай.
Түс емес, сәулем, түсінші мені... өңім ғой...
Өзіңді аңсап менде де қанша бөлінді ой.
Бетіңнен сүйіп, беліңді қысып, тас қылып,
Жібермейтін-ақ жерім ғой..