19.09.2022
133
ЖАНАРЫҢ КҮНДЕЙ
Көңілің көлдей,
Мөп-мөлдір
Жаныңда құттай жоқ алғау.
Жанарың күндей
Төккен нұр,
Арман-құс ақыры оралды-ау!
Жарысқа түссем –
Жанданып,
Озуымды анық тіледің,
Сапарға шықсам –
Қамданып,
Шығарда жаның бір едің.
Шұғыла шашып жүзіңнен,
Көркіңмен көзді қарыдың.
Қоштасып тұрып күзіммен,
Тамыздың таңын таныдым.
Таныдым-дағы тап басып,
Кезеңнен кері бұрылдым.
Алдымнан алтын қақпа ашып,
Дауасыз дертке ұрындым.
Ұрындым дертке өзім кеп,
Алдында не тұр, кім білген?
Басылар емес сезімде өрт,
Сөндіре де алмай жүрмін мен...