19.09.2022
131
ШӘМШІБАНУ
Жайма-шуақ мінезің-ай,
Сырға жомарт жансың ару.
Бір өзің – күн,
Бір өзің – ай,
Шәмшібану,
Шәмшібану.
Жанарың – жаз,
Маусым айы,
Шалқы достар ортасында.
Мен бір ағаң тау сыңайлы,
Таудан әлде қорқасың ба?
Оңай емес өзіңе арнап
Өзекті өртер ән шығару.
Кетпесе екен сезім алдап,
Шәмшібану,
Шәмшібану.
Нұр жүзіңнен таң ұялар,
Шарапатты шапағың-ай.
Махаббатты жариялар
Берші уағда, капа қылмай.
Көлбеңдеген жігіттерден
Керек сені аршып алу.
Өміріме үміт берген
Шәмшібану,
Шәмшібану.