19.09.2022
  115


Автор: Темірше Сарыбаев

ҚАЙДАСЫҢ?

Қайдасың,
Қайда жүрсің, үлпілдегім?
Үлпілдеп жүрегімде жүрсің менің.
Бола бер қай қиырда, айқын маған
Күлгенің,
Әлде налып күрсінгенің.
Жеткізем, үһілесем, деміңе дем,
Білмеймін сонша неге еміренем?
Өмірдің тақ-тұғына сенбесем де,
Мен сенің пәктігіңе сеніп өлем.
Тұрасың көз алдымда көлденеңдеп,
Келесің қолтығымнан өрге демеп.
Алланың елшісі ме деп қаламын
Мен үшін әдейі арнап келген ерек.
Демей бер, өлгенімше деме мені,
Жырымнан жарық алсын өлең елі.
Жаныма жабыққанда нұр себеле,
Желкендей желбірейін кемедегі.
Шалқысын шабыт буған от боп өлең,
Күнім боп күлімдеші Көктөбеден.
Құлазып, сен болмасаң, алаңдаймын,
Сен болсаң,
Көкірегімді көкке керем





Пікір жазу