19.09.2022
  173


Автор: Темірше Сарыбаев

Өрт

Өрт!
Кәдімгі өрт шапшыған,
Түтіні бұлттай шұбаған.
Кімді де, жанасса, қақшыған,
Ішінен шыға алмас тірі адам.
Сүйреңдеп ақ жалын аспандап,
Шарпуы тұр, әне, басылмай.
Ана тұр көзінен жас парлап,
Әке тұр қабағы ашылмай.
Қыз даусын шалды анық құлағым
«Құтқар!» деп қинала шыңғырған.
Мен қалай тағат қып тұрамын,
Өртендім намысы құрғырдан.
Жалыннан жалтарып, амалдап,
Қыз тұрған бөлмеге ұмтылдым.
Сиқырлы ой санамды сан арбап,
Бөлмеден естілді біртүрлі үн...
Жүгірдім көтерген қалпымда
Құшақтап аруды далаға.
Халық тұр алдымда, артымда,
Қыз айтты:
– Ризамын, жан аға!
Үрейден буыным бастырмай,
Дірілдеп, қалшылдап қол-аяқ...
Тірі екен!
Тәңірім,
Рас қылғай!..
Тігіп ем басымды
Соны аяп..





Пікір жазу