19.09.2022
128
МЕН ҮШІН ТӨЗІП БӘРІНЕ
Түсінем,
Бәрін түсінем
Сезімнің сырлы күшімен.
Айғайға басып қалар деп,
Аяқтың жүрдім ұшымен.
Ұмыт та болар бұл ертек,
Басынан кешкен білер тек.
Ойланбай жаққан отыма
Опындырдым-ау тірі өртеп.
Мінезің ерден артық-ау!
Соған да көнген мәртім-ау!
Ақылсыз басқан қадамның
Болмағай енді арты дау.
Қарамай нәзік әліңе,
Түйреттің найза тәніңе.
Мен үшін төзіп келесің
Бәріне,
Соның бәріне.