meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.09.2022
  156


Автор: Темірше Сарыбаев

КЕУДЕЛЕРІН КӨККЕ КЕРГЕН...

Кеуделерін көкке керген
Керімдермен көп сөйлестім.
Жанын жалын-отпен өрген,
Бірақ саған жетпейді ешкім!
Шындық мынау жасырмайтын,
Шымырлық бар ырғағыңда:
Жүз жыл жанса, басылмайтын
Алау бердің жырларыма.
Ұшып бара жатқандаймыз,
Жұлдыздарға біз зымырап.
Самға,
Мені, ақ маңдай қыз,
Қанатыңа мінгізіп ап.
Бұйра бұлттар бұқсын төмен,
Шыңдар бізге жалт қарасын.
Шырқап көкке шықсын кемем,
Бұрсын бері бақ та басын.
Қандырардай жанар шөлін,
Шарпып төсін тау-даланың.
Қажет боп тұр маған сенің
Тап осылай лаулағаның.





Пікір жазу