19.09.2022
  97


Автор: Темірше Сарыбаев

ТҰРАМЫН ТӘУБЕ ДЕП ІШТЕЙ

Күлкің бір қазына кеніштей,
Аумайды-ау тісің ақықтан.
Тұрамын тәубе деп іштей,
Айналып басым бақыттан.
Кеудемді кернеп сезім-жыр,
Ұлғайтып арман арнасын,
Өлеңім көкті кезіп жүр,
Жұлдызым биік жанғасын.
Өшпейді тәтті мұңым да,
Жүректе жанған шам сөнбей.
Осынау қысқа ғұмырда
Сүйген жоқ ешкім дәл сендей!
Қалжырап қалған хал мынау,
Мойныма арттың жырдан жүк.
Мен үшін күйіп-жандың-ау,
Жастығыңды да құрбан ғып.
Айналдым отты көзіңнен,
Алғаусыз жарқын,
Адалым!
Шабыт ап жалғыз өзіңнен,
Түнде де жыр боп жанамын.





Пікір жазу