19.09.2022
155
ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ!
Сөйле, көңіл!
Сөйле, тіл!
Сөйле, жүрек!
Кейде шалқып қаламын,
Кейде жүдеп.
Шындыққа да қарайды шекесінен
Тамағы тоқ бәзбіреу,
Көйлегі көк.
Өтірікті біледі өрлігім деп,
Алуы аздай алтынды, кенді күреп,
Жерді сатса, жұмыры толатындай,
Көмекейін жайлауда ендігі індет...
Сатылмайды қара жер,
Атамекен!
Қыдыр қонған қонысты сата ма екен?!
Сатпақ тұрмақ, сөз ету, расында,
Қабырғақа қанжардай батады екен.
Бұл даланың иесі қазақ қана,
Қазағымды шыжғырма,
Азаптама.
Көнудей-ақ көнді ғой көнбіс халық
Қорлауғада,
Құлдыққа,
Мазаққа да!
Жетер енді, тимеңдер ыза-кекке,
Үйренісіп алғанша біз әдепке.
Ызыңдаған сөздерден ырыс қашып,
Жүйке өртеніп,
Алқынып қызады өкпе.