19.09.2022
113
БАҚ СЫЙЛАП БАБА ҚЫДЫРДАЙ...
Уақытқа артып кіл өкпе,
Қаныма қатқан қайғы ұйып.
Онсыз да өртті жүрекке,
Қайтесің, достым, май құйып?!
Бақыт та болған басымда,
Өткергем тойдың талайын.
Маза бер, жырдың қасында,
Жападан жалғыз қалайын.
Қоздата берсең тынымсыз,
Қызуы қалмас шоқтың да.
Қиялға шомып қыбырсыз,
Қиналып тұрған жоқпын ба?!
Маза бер! Кешір, сен мені!
Мүсіндеп жырды қашайын!
Табынтар барша пендені,
Тәңірді қолдан жасайын.
Барлығып, қамтер, тығылмай,
Сырымды жұртқа жайып боп.
Бақ сыйлап баба Қыдырдай,
Кетейін көзден ғайып боп!