19.09.2022
  101


Автор: Темірше Сарыбаев

Әзәзіл

Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда,
Жұрдай және ұяттан да, ардан да.
Бар мақсаты – дос пен досты айыру,
Мылтық ату – Адалдыққа, Арманға!
Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда,
Дау тарату – бар өлкеге, бар маңға.
Ағайынның арасына шоқ тастап,
Өрт тұтатса, соның ісі, таңданба!
Әзәзілдің жолы болғыш жалғанда,
Кулық та онан, сұмдық та онан
қалған ба ?!
Ғашықтарды екі айырып тынады ол,
Алаулатып арасына от салғанда.
Сыйластықтан сәл ойыссақ
біз аттап,
Сол бір құйттай саңылаудан –
сызаттан,
Керегінше кеулеп кіріп, ақыры,
Сосын бізді құтқармайды тұзақтан.
Адамзаттың түссін дейді иіні,
Татулығың – оның қасірет, күйігі.
Бірді-бірге айдап салу арқылы,
Тоқ журеді Ібілістің бүйірі.


Есігіңнен сығаласа, төрге өрлер,
Өз дегенін өткізуге өңмеңдер.
Жасқанады жалғыз ғана Ақылдан,
Ақылдылар, шайтанға орын
бермеңдер!





Пікір жазу