19.09.2022
  226


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қамшы

Бала күнім, көрінсе күннің көзі,
Қуыршақ та баурамай бізді үйдегі.
Көрші үйіне барғанда, төрге ілінген,
Көзім түскіш қамшыға бүлдіргелі.
Төрде ілулі тұратын қамшыға бұл,
Қарап қана қоюшы ем ынтыға бір.
Ұстамақ боп ұмтылсақ көрші əжеміз, –
Тиспеңдер, – деп, зекитін, − əй, шырағым.
Ұрысса ұмытқыш əжеміз сабырды да,
Əже, – дейміз шалыңды сағындың ба?
Жарықтық, – деп кемсеңдей бастайтұғын,
Сабаушы еді қамшымен шалым мына.
Кей кездері əжеміз күлетұғын,
Қатал еді атамыз білетінім.
Қамшы түгіл қалжыңды көтермейтін,
Шымыр ете қалатын қыз еті бұл.
Содан көрші əжеміз, шешілетін,
Заманаға тағам деп несіне сын.


Ерке қатын көбейді ерді бұзғыш,
Қамшы жемегеннен соң есіретін.





Пікір жазу