19.09.2022
  88


Автор: Гүлайша Ерахмет

Күн де жазықты, есік те мінді...

Күн де жазықты, есік те мінді,
Ырымыменен бойжеткендердің –
Келемін деп ең... Кешіккеніңді,
Үстіме киген көйлектен көрдім.


Жазықты етуге ештеме қалмай,
Көп тартқаны үшін қабақтан көрдім.
Уəделі шақты еске де алмай,
Жүрмей қойдың деп сағаттан көрдім.
Тез кел деуге де батына алмаймын,
Сенемін бірақ, сен келедіге.
Кінəлі сынды... Жасыра алмаймын,
Темір көліктің дөңгелегі де.
Жазықты болған жап-жалтыр жолда,
Жадырай күліп келесің бе əлде?!?
Сағындырсаң да сарғайтып қойма,
Тастамас жігіт уəдесін жерге...





Пікір жазу