meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.09.2022
  238


Автор: Гүлайша Ерахмет

Көзім түскен киімнің бəрі қымбат...

Көзім түскен киімнің бəрі қымбат,
Көзім түскен жігіттің жаны жұмбақ.
Көзім түскен киімді кигім кеп жүр,
Көзім түскен жігітті сүйгім кеп жүр.


Көзім түскен киімім ұнаса да,
Көзім түскен жігітім сыр ашама?!
Көзім түскен киімді алдым, онда,
Көзім түскен жігітке жар қыл, Алла





Пікір жазу