18.09.2022
  107


Автор: Гүлайша Ерахмет

Сырлы еді қандай жанарың...

Сырлы еді қандай жанарың,
Сұңғақтау бойлы, сом білек.
Еңіреп кімге барамын,
Есімнен шықпай қойды деп.
Қалың адамның ішінен,
Қараушы ең маған ұрланып.
Көзіңнің қиғаш үстімен,
Көңілме əйбат жыр жазып.
Алдымда айбат қылмаушы ең,
Деседе сəл-пəл десті едің.
Сөзімді менің тыңдаушы ең,
Қалмайтын жерде еш сөзім.
Тəп-тəтті еді сөздерің,
Ып-ыстық еді ернің де.
Жанымды менің емдедің,
Жабырқап жүрген кезімде.


Суреттей алар тіл қандай,
Сендегі əсем денені.
Көңілдің шөлі бір қанбай,
Кездескім жəне келеді.





Пікір жазу