18.09.2022
101
Сол қыран қай жерден су ішеді екен...
Сол қыран қай жерден су ішеді екен,
Ойыма ертелі-кеш оралатын.
Қай таудың түлкісіне түседі екен,
Басынан ағытса егер томағасын.
Қыран ол қанатынан жыр саулаған,
Жырына өзін қосып сүйсем бе екен?!
Біржола қияр болса ұлы тау маған,
Қолыма қондырып-ап жүрсем бе екен?!
Қонақтап отырады қоңыр дөңде,
Ол солай қонбайтын құс аласаға.
Шүйіле бермес-ау ол көрінгенге,
Алтынға жақұттан көз жарасады, ə.