18.09.2022
536
Табиғат ару
Сөгілді қыстың көрпесі,
Мұздардың жаны мүжіліп.
Ал, өзендердің өркеші,
Жағаны ұрады жұлынып.
Бойшаң қайың тұр бозарып,
Жалаңаштықтан арлана,
Аппақ сəлдесін оранып,
Тапжылмай жатыр тау ғана.
Самайы тершіп даланың,
Құйғандай шайын күн-ана.
Мəз болып ұшып ара жүр,
Мас болған жандай сыраға.
Көктемнің жайып сырмағын,
Ақ шулан бұлт бауырлап.
Келерін біліп тырнаның,
Қарсы ала шықпақ жауынды ап.
Келбетке енген кешкі арай,
Сəукеле киген келіншектей.
Күлімсірейді көктегі ай,
Тісін ешкімге көрсетпей.
Қоштасар қыс та мұңайып,
Көктем, жаз келер жылауық.
Тал бойын түзеп отырар,
Табиғат ару сыланып.