18.09.2022
  185


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қызы сұлу болады қарашаның

Бермеседе сұлулық үйіп-төгіп,
Ізетімен тұрамын биік болып.
Сұлулар көп болса да бұл қалада,
Қалдым сенің көзіңе күйік болып.
Аңыз қылып көркімді ел сүймегесін,
«Сұлуым» деп айтудан именесің.
«Сүйген сұлу көрінер көзге» деген,
Жылы тиер құлаққа сүйген есім.
Гүлден бетер майысып тұрмаған соң,
«Гүлім» деп те атауың бұл да бекер.
Досым болғың келеді, бірақ, бірақ,
Қазір менің досым жоқ жырға жетер.
Бидай өңі жүрген қыз халқына ұнап,
«Əппағым» деп айтуың артығырақ.
Қырық үйден тиым бар қырда өскенмін,
Маңдайымнан ұлтымның салты сылап.
Арнасаңда биік жыр, аласа жыр,
Теңеу таппай келесің тамаша бір.
Халық əнін мынадай естімеп пе ең,
«Қызы сұлу болады қарашаның».





Пікір жазу