18.09.2022
118
Шабыт
Мынау гүлді дүние түк емес боп,
Көше бойы көзіме жыр елестеп.
Қарбалас боп жатсада мынау халық,
Қиялымда шумақтар шұнаң қағып.
Тіршілігін кешер деп тірі халық,
Кірпігімді ширығып жиі қағып.
Маңызды емес жұмысты қоя тұрып,
Жүріс баяу болғанмен ой асығып.
Жазар жырдың ырғағы ыңылдатып,
Өне бойды бір сезім шымырлатып.
Құлағыма сыбырлап бір құбылыс,
Бір минутта көңілім жүз құбылып.
Қабағымды түйемін əлсін-əлі,
Мұрныма кеп жыр исі аңқығаны.
Жібітуге əл келмей құрысымды,
Беймазалық кетіріп тынышымды.
Жалқаулығым бірдемде ұстай қалып,
Көркем ойдың барлығы құсқа айналып,
Дүр-дүр етіп ұшады көкке қарай,
Шабыт дейтұғын құстар өйткені олар.
Сол құстардың соңынан қуып келем,
Соның симолы емес пе сүйікті өлең.