18.09.2022
  200


Автор: Гүлайша Ерахмет

Сені жақсы көретін сияқтымын

Сені жақсы көретін сияқтымын,
Менің нəзік жанымды тербегенің үшін,
Топ ортада сөзімді сөйлегенің үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Еркелетіп айтатын əзілің үшін,
Қыз болып жаратылған жазығым үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Қадірімді қашан да білгенің үшін,
Жас жаныма жыр сыйлап жүргенің үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Анасынан туғандай қыз дегенің үшін,
Сағат сайын сағынып іздегенің үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Қолымды ұстап қоңыр ой кешкенің үшін,
Ұзақ-ұзақ сырласқан кештерің үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Діліңді беріп, тілімді сұрайтының үшін,
Ұнатпайын десем де ұнайтының үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Жігіттердің көзінен қызғанғаның үшін,
Айтқан əрбір сөзіме иланғаның үшін.
Сені жақсы көретін сияқтымын,
Айрылуға жүректердің көнбейтіні үшін,
Жəне оған елдің сенбейтіні үшін.





Пікір жазу