18.09.2022
  89


Автор: Гүлайша Ерахмет

Бір шартым

Сүрені ғирағатымен айта алатұғын,
Барған жерінен басы айналмай қайта алатұғын.
Əзілге əзіл жауап қайтаратұғын,
Жігітпен достасқым келеді.
Əйел затын көзіне ілмейтұғын,
Біреуді де жырғатып сүймейтұғын,
Көңілдің нəзік болатындығын білмейтұғын,
Жігіттен аулақ жүргім келеді.
Сүйгенін сылтау қылып мазаламайтын,
Ру мен руды алаламайтын,
Махаббатты жай көзбен бағаламайтын,
Жігітке көңіл бергім келеді.
Сөзі мен ісі бір жерден шықпайтұғын,
Кім не десе соны құптайтұғын,
Қызда да сезім болатынын ұқпайтұғын,
Жігітке қарағым да келмейді.


Көзі мен көргеніне ғана сенетұғын,
Төбелессе жеңілмей, жеңетұғын,
Сүйгенін көтеріп жүргісі келетұғын,
Жігітпен танысқым келеді.
Көзімше басқа қызға қылжақтамайтын,
Қиыншылық кездессе сырғақтамайтын,
Күлетін, бірақ, ыржақтамайтын,
Жігітке жар болғым келеді.





Пікір жазу