Күні ертең
Мына халық дейді мені жас əлі,
Бұл қабырғам қашан ғана қатады.
Тұрмыс деген қиын дейді үлкендер,
Ақындық та жапалы.
Қаршадай қыз деп айтады біреулер,
Жас жүрекпен жалпақ елді сүйем мен.
Қарт жазушы болсам деймін күні ертең,
Қаламына сүйенген.
Қырандарда қиыр шарлап жетілед,
Кемшілігім – ойланғаным кешірек.
Жүрсем деймін əлемдегі қыздардың,
Рухани досы боп.
Жерсіздіктен қалған қиын елсіз боп,
Өмірде ақын-жазушыға мол дүрмек.
Жыр өлкеде кенжесі мен болған соң,
Ақын қыздар келсе үйіме төркіндеп.
Өрге қарай домалатқан ар тасын,
Ақындардың үлгі қылдым марқасын.
Жігіттерге сеніп, сүйіп келіппін,
Күн келмесін сенбеймін деп айтатын.
От құшағын ашар екен кім маған?!
Басымды көп қатырып жүр бұл заман.
Екеуіміз деп өлең жаздым он жылдай,
Енді қашан үшеуіміз деп,
Төртеуіміз деп жыр жазам.