18.09.2022
  73


Автор: Гүлайша Ерахмет

Наз

Самал ма ең үнсіз тербейтін,
Заман ба ең қайтып келмейтін.
Назданып жазған жырымды,
Жайланып оқи бергейсің.
Құс па едің қолға қонбайтын,
Түс пе едің жорып болмайтын.
Құлазып жазған жырымды,
Бірауық оқып қойғайсың.
Шуағын шашқан күндейсің,
Шырағын асқан түндейсің.
Мұңданып жазған жырымды,
Ұрланып оқып жүргейсің.
Жадыңда жүрмін алай да,
Сағынба енді жарай ма?!?
Бұртиып жазған жырымды,
Күрсініп оқып тəмамда.





Пікір жазу