18.09.2022
  96


Автор: Гүлайша Ерахмет

Кетемін

«Махаббаттың құпиясы бар мың түрлі»
Сезім үшін кетірмеймін шырқымды,


Өтіп кеткен күндерді ойлап былтырғы,
Сен де мендей ұмытып көр күлкіңді,
Қош, саған да қоштасатын күн туды.
Разы ғып өту үшін бұл көпті,
Ақыны боп жасау үшін құрметті,
Менің жаным сілкінуге міндетті.
Сүйіп те көр жаның, тəнің сүйместі,
Сонда ғана, біле аласың білместі.
Жетелі боп жасау үшін жерде енді,
Білімменен құрыштаймын зердемді.
Дүниеге күле қарап шеңберлі,
Өзімді-өзім алдай бергім келмейді.
Қош, саған да қоштасатын кез келді.
Жазып-жазып арман менен тəтті ойды,
Өлең қылып тастап кеткен дəптерді.
Мен кеткен соң мұңға батып жатта енді,
Адамбыз ғой көп айтатын əттең-ді,
Қош, саған да қоштасатын шақ келді.





Пікір жазу