18.09.2022
107
Менің бір оқырманым бар
Менің бір оқырманым бар
Абай сөзін ақылына аспан еткен.
Өр Қасымның жырларын жаттап өскен,
Қазақ рухы өлең деп танитұғын,
Жырмен ғана жігерін жанитұғын.
Менің бір оқырманым бар
Мен ол үшін бір өлең жазбасам да,
Қамымды жеп жүретін қай-қашан да.
Қыз жырынан қыз исі аңқиды деп,
Əрбір шумақ жырыма балқиды кеп.
Менің бір оқырманым бар
Дəмеленген аңшыдай орманда аңнан,
Газеттерден іздейді, журналдардан.
Жырларыма өлмейтін ғұмыр тілеп,
Құттықтайды əрдайым бірінші боп.
Менің бір оқырманым бар
Жырым түгіл үтірін сүйетұғын,
Өлеңді өнер, кие деп білетұғын,
Өлеңіме жай көзбен қарамайтын,
Мықты ақын болар деп бағалайтын.
Менің бір оқырманым бар.