Жалаңаш қоғам
Жапырағын қимай жерге шешінді күз,
Ақ көйлегін ары қашып шешінді қыз.
Бұл жалаңаш қоғам менен адамзаттан,
Жинаймын кеп етегім мен есімді жүз.
Шын махаббат – иманда тек, сағым еттім,
Жас жүрекке, қарт өмірден тағып ек мұң.
Қыз бен жігіт махаббаты төсекте деп,
Арбайтын бұл саясаты лағынеттің.
Анау ұшқан ақ құсыңды шақыр жерге,
Ар іздесе жапырақ боп жатыр жерде.
Шатын, бұтын жарнама ғып жер, жаһанға,
Теледидар ермек болды кәпірлерге.
Бөрі көздер, аш қасқырлар, тоя алсаңшы,
Жүз дүреден соғылса ғой тояр қамшы.
Сен шешінсең, ұрпағымыз не болады?
Қарындасым, әпкетайым, оянсаңшы.
Жүрек тоқтап, кеткендей ме сағаттан үн?
Жаулап алды сансыз сайтан таратқан мұң.
Орамалмен, сәукелеңмен, арыңменен,
Тәуелсізсің тек алдында жаратқанның.
Бара жатыр бұл қоғамның күйі кейіп,
Не табамыз, айқайлайық, күйінейік.
Жаурады ғой тәніміз де,
Жанымыз да...
Тарих куә...
Уа, қазағым, киінейік!