17.09.2022
  178


Автор: Ақылбек Манабаев

Көктемде

Күннің нұры - сансыз өткір қылыштар,
Жер төсіне жез сәулесін төседі.
Желмаяның шудасындай бұлттар,
Желмен ойнап желілене көшеді.
Бұйра толқын тау өзенін қамшылап,
Бұлақ жатыр бүлк-бүлк етіп бүйрегі.
Көк аспаннан көлбей ағып, тамшылап,
Қонуда кеп көлдің қаз бен үйрегі.





Пікір жазу