17.09.2022
  107


Автор: Ақылбек Манабаев

БАРЫМ СЕНДІК, ТУҒАН ЕЛ

Жұмсау керек қолды адам,
Қайыстыра жүк артып.
Тегін келген олжадан,
Төккен терің мың артық.
Осы менің өмірлік,
Биік ұстар ұраным.
Тағдырымнан жеңілдік,
Келмейді әсте сұрағым.
Жарқанаттай қалтылдап,
Қаламаймын бұғуды.
Ұнатамын жарқылдап,
Топ ішінде жүруді.
Тыным таппас мен — ара,
Өмірден бал жиямын.
Барлығын да ел — ана,
Өзіңе әкеп кұямын.





Пікір жазу