17.09.2022
166
![](/uploads/shorttexts/author_image/6f8042d8a066219b1c9778f406b478c2.png)
Анам Бәтиман Ақынбай қызына ескерткіш.
Алақаны секілденіп ананың,
Көк шалғынын сыйпалаған даланың,
Таң алдында жұпар шашып есетін.
Ұнатамын жаздың жібек самалын.
Үнсіз қалып, ұзақ ойға беріліп,
Сезімімді билегенде сері үміт,
Тұрса екен деп тілеймін жырымнан
Самалдай бір өмір сазы төгіліп.