17.09.2022
285
ҰЛДАРЫМА ҰҚТЫРАРЫМ
Қос қанатым, о, менің, құлындарым,
Балдай тәтті балдырған, шырындарым.
Ойнайсыңдар, ойынға тоймайсыңдар,
Желмен ұшып, желпілдеп тұлымдарың.
Шығарсаң сәл біреуің ыңылдап үн,
Бозторғайдай мен байғұс шырылдадым.
Ақтарылды ағынан алдарыңда,
Ұғыныңдар әкенің сырын-жанын!
Еншілердің өсіңдер, білім-дарын,
Бірің ақын боларсың, бірің ғалым.
Кім болсаң, ол болыңдар, тілегім тек,
Адалдық тұғырында тұр, ұлдарым!