17.09.2022
  132


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАЙДАРЫМ

Мөлдіреген көзіңнен,
Көріп бақыт айғағын.
Сүйем деген сөзіңнен,
Нәр алдым да жайнадым.
Жайдарым жарығым,
Сарқылды сабырым.
Келші әніммен қарсы алам,
Асылым-ау аңсаған.
Құшағыңды аш кәні,
Сағындым ғой шын жүдеп.
Бір өзіңнен басқаны,
Қаламайды бұл жүрек.
Аялдамай бал дәурен,
Бара жатыр жаз өтіп.
Тез жетсеңші жан сәулем,
Жас жанымды мәз етіп.





Пікір жазу