17.09.2022
819
![](/uploads/shorttexts/author_image/6f8042d8a066219b1c9778f406b478c2.png)
ТАҢ САМАЛЫ
Аяулым, асылым ең,
Арманым, ғашығым ең,
Көңілдің көктемінде
Гүл болып ашылып ең
Бір сен деп аңсағаным
Әр күнді қарсы аламын
Жанымды желпіп өтші-ау
Таң самалым.
Жүректе самғап әнім
Лаулайды жанда жалын
Өзіңе өмірімді-ау арнағанмын.
Ойымды өлең тербеп
Сыр аштым, денем сергек
Үміт мол келешектен
Қалқам-ау келем сен деп.