meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.09.2022
  183


Автор: Ақылбек Манабаев

Би кеші еді...

Би кеші еді,
Қасыңа жанай келдім,
Білмедім,
Көңілдегі қобалжу мен
Ұятты
Қысылуды қалай жеңдім.
Қарай бердім,
Жаутаңдаған жанарыңнан,
Жақсы үміт пен
Жақұттай жарқыраған арай көрдім.
Сен-дағы суытпай ажарыңды,
Жасыра алмай өңіңдегі таза мұңды,
Мен жақтан аудармадың назарыңды.
Өзегімді от болып өртеп өтті,
Жүзіңде ойнап пәктіктің назы ағынды.
Деп тұрдым ішімнен:
Іздеп таптым бақытымды, базарымды.
Еліктіріп әкетті екеумізді
Сабырсыз жастық шақтың сазы арынды.
Білдім сонда-ақ ғұмыр бойы, елжіреп
еститіндігімді,
Махаббатқа елтіген мәз әніңді.
Білдім, егде тартқанда ортақ сырды
Ой тереңінен қопарып қазарымды.
Білмеппін тек,
Бір отауда отырып от басында,
Осы шумақтарды жазарымды..





Пікір жазу