17.09.2022
  125


Автор: Ақылбек Манабаев

Жүрші, сәулем....

Жүрші, сәулем,
Қырға шығып ән салайық,
Ән салайық көктемді қарсы алайық.
Тал шыбықтай майысқан,
Май ̶ сұлу қыз
Жер үстінде тастапты
Қызыл-жасыл парша жайып.
Жүрші сәулем,
Қызық қуып, қырды асайық,
Жұпар жұтып, кеудеге гүл басайық.
Армансыз ақтарыла, ақ пейілмен сырласайық.
Көк шалғынға көміле аунайық та
Мазасыз көңіл мауқын бір басайық.
Мас болып сахараның сап ауа, қымызына
Көкіректі алайық нұрға шайып.
Жүрші, сәулем,
Жүгіріп қырды асайық...





Пікір жазу