17.09.2022
116
ҚЫС СУРЕТІ
Қыс өрнегі терезені қыраулап,
Тұр аспаннан алғашқы қар қылаулап.
Жердің қара көйлегіне түйме боп,
Қадалып сан жатыр аппақ гүл аунап.
Сәндеп киіп сәукелесін ақ пүліш,
Ойға батып тұнжырайды бақ тыныш,
Қадам бассаң сықыр-сықыр етеді,
Қонышыңа қоңырау ұрып сап күміс.
Секілденіп ертегінің дәу шалы,
Жамылыпты ақ түбіттен тау шәлі.
Оқалайды опа сеуіп жағаңды,
Ормандардың сидиған көп саусағы.